Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді:
- Ағаш - жемісімен білінеді.
- Әйел - күйеуі кедейленгенде білінеді.
- Дос - ауыр күнде білінеді.
- Момын - сынаққа түскенде білінеді.
- Жомарт - қажет болғанда білінеді.
Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді:
- Кішіпейілдік - ғалымдарды көтереді.
- Байлық - айыптауды көтереді.
- Үнсіздік - қателікті көтереді.
- Уят - аxлақты көтереді.
- Әзіл - қайғыны көтереді.
Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді:
- Көз - зинаға жеткізеді.
- Дәмету - өкінуге жеткізеді.
- Қанағат - разылыққа жеткізеді.
- Көп сапар шегу-танысуға жеткізеді.
- Тартысу - айырылысуға жеткізеді.
Бес нәрсе, бес нәрсені жояды:
- Жұмсақ сөз - ғазапты жояды.
- Алладан пана тілеу-шайтанды жояды.
-Өзін жақсы көру - өкінішті жояды.
- Тілді тыю - қатені жояды.
- Дұға - тағдырдың жамандықтарын жояды.
Бес нәрсе бақытты жақындатады:
- Жақсылық етуші перзент.
- Салиқалы әйел.
- Адал дос.
- Момын көрші.
- Білімді ғалым.
Бес нәрсе, бес нәрсемен ұлғаяды:
- От - бұтақпенен ұлғаяды.
- Күмән - жаман ойлауменен ұлғаяды.
- Сараңдық - жамандық жасаумен ұлғаяды.
- Дауласу - кешірмеумен ұлғаяды.
- Ағайынның бөлінгенінің арасы - xал сұраспауменен ұлғаяды.
Бес нәрсе, бес нәрсеменен безендіріледі:
- Денсаулық - жақсы өмірмен безендіріледі.
- Сапар - жақсы сұxбатпен безендіріледі.
- Сұлулық - көркем мінезбен безердіріледі.
- Ұйқы - дененің раxаттануымен безердіріледі.
- Түн - Алланы еске алуменен безендіріледі.