Мектепке сағыныш)))) Қашқанда да сабақтан бір қашатын, Бақылауда көңілін мұң басатын. Бала күннің ақтарып альбомдарын, Сыныптастар қайдасың сырласатын. Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың, Есіңде ме оқушы атанған күн Қолымыздан жетектеп қыркүйекте, Ата-анамыз мектепке апарған күн. Есік жаққа елеңдеп көздеріміз, Қоңыраудың боларын сезгеніміз. Қандай қызық кешігіп қалмау үшін, Жүгіретін сабаққа кездеріміз. Қызық едi-ау шынайы күлгеніміз, Бестік алып, белсеніп жүргеніміз Кезектесіп шаң сүртіп,еден жуып Кезекшілік атқарған күндеріміз. Мен айтам деп сабақты таласатын, Бағам аз деп басқамен санасатын. Қу қыздар-ай мектепке ерте келіп, Ең соңынан асықпай тарасатын Қолын қойып партаға сызып кеткен, Оқушыны деуші едік бұзық неткен. Қара бала кеңседе ақталып тұр, Сары қыздың бантигін үзіп кеткен. Деп қуансаң бұл апта енді бітті, Еске салар ағайлар сенбілікті Қандай сабақ болса да соңғы парта, Жалқаулардың орны жергілікті Сабақ сұрар уақыттың жеткендігі Мұғалімнің түрінен беп-белгілі Үйіп-төгіп уәденi құтылушы ек Үй жұмысын ұмытып кеткен күні Жұмсақтығын сездірмей сирек күлген Ұстаздарға басымды имекпiн Ұрғаннан да бетер боп ұяласың, Ұрыс естіп тұрғанда директорден Сабақ үсті көп сөйлеп мазалайтын, Оқушыны бұрышта жазалайтын. Апайлар-ай есеп көп, уақыт аз деп, Алақанмен тақтаны тазалайтын Жаза алмайтын қыздар да дұрыс атын, Староста деп тырысатын. Ұйымшылдық жағынан бірін-бірі Ұлдар едік бірінші ұғысатын Кіп-кішкене сөмкеге иықтағы, Кітап, киім кетеді сыйып бәрі Сол күндердi сағынсам,тосыламын Жол таппаған адамдай тұйықтағы Артта қалған естелік оның бәрі Талай қызық күтіп тұр жолыңда әлі Бұл өмір де бір күні таусылады Мұғалімнің борындай қолындағы.😔о

Теги других блогов: мектеп оқу балалар